МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ Б. Т. ОРЫНБАСАРОВТЫҢ "АҚТАУ ТЕҢІЗ ПОРТЫ" АЭА АУМАҒЫНА ЖҰМЫС САПАРЫ ӨТТІ

Ағымдағы жылдың 18 қарашасында "Ақтау теңіз порты" АЭА аумағына Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Б.Т. Орынбасаров және Маңғыстау облысы Инвестициялар және туризмді дамыту басқармасының басшысы В.Т. Мұстапаева жұмыс сапарымен келді. Сапардың мақсаты жобаларды уақтылы іске қосу жөніндегі тапсырмалардың орындалуына мониторинг жүргізу, құрылыс жұмыстарының барысымен танысу және АЭА қатысушыларымен жобаларды іске асыру перспективаларын талқылау. Бұдан басқа, АЭА қатысушылары - "Digital Silk Route" ЖШС және "Aktau Clean Energy" ЖШС басшыларымен кездесу өтті, Каспий деректерді өңдеу орталығы (Дата-орталық) және қуаттылығы 250 МВт бу-газ қондырғысын салу бойынша жобалардың перспективасы мен ағымдағы жағдайы талқыланды. Кездесу қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берілді.

Қайнар көзі: "Ақтау теңіз порты" АЭА" АҚ баспасөз қызметі

Желілерде бөлісу:

  • 181